Accessibility links

Apple компаниясының басшысы Стив Джобс қызметінен кетті. АҚШ-тың Силикон жазығындағы әйгілі технологиялық компанияның негізін қалаушылардың бірі, 56 жастағы Стив Джобс қаңтар айынан бері медициналық себептермен демалып жатқан болатын.

Ол қызметінен кететіндігі туралы ақпаратты жариялап, енді Apple президенті ретіндегі міндеттерін орындай алмайтындығын мәлімдеді.

Apple-дің мәліметінше, Стив Джобс компания басқармасының төрағасы болмақ, ал оның орнына осыған дейін компанияның сауда және операциялар бөлімін басқарып келген Тим Кук тағайындалған.

Бұл ақпарат жарияланысымен Нью-Йорк биржасындағы Apple акцияларының бағасы 7 пайызға дейін төмендеді.

Стив Джобстың жаңа технологиялық идеяларының арқасында Apple ең мықты америкалық компаниялардың біріне айналған делінеді.
XS
SM
MD
LG