Accessibility links

Ангела Меркель әлемдегі ең ықпалды әйел деп аталды


Германия канцлері Ангела Меркель

Германия канцлері Ангела Меркель

Forbes журналы Германия канцлері Ангела Меркельді әлемдегі ең ықпалды әйел деп атады.

АҚШ-тағы Forbes журналының айтуынша, Меркель - "Еуропадағы нағыз ғаламдық экономиканың басшысы және Еуропа Одағының даусыз жетекшісі".

Аталмыш бизнес журналы бүгін әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің тізімін жариялады. Онда екінші орында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, ал үшінші орында Бразилия президенті Дилма Руссефф тұр.

Әлемдегі ең ықпалды әйелдер тізіміне сонымен қатар АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама, халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард, поп музыка жұлдызы Лэди Гага, Ұлыбритания патшайымы Елизаветта және тағы басқалар енген.
XS
SM
MD
LG