Accessibility links

Ресей прокуратурасы Байқоңырда тексеру жүргізіп жатыр


Байқоңырдан ұшырылған "Прогресс" ғарыш кемесі. 24 тамыз 2011 жыл.
Байқоңырдан ұшырылған "Прогресс" ғарыш кемесі. 24 тамыз 2011 жыл.
Ресей бас прокуратурасы «Прогресс» ғарыш кемесінің сәтсіз ұшырылуына байланысты Байқоңыр ғарыш айлағында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі.

Халықаралық ғарыш станциясына үш тоннадан астам жүкті жеткізу үшін ұшырылған «Прогресс» зымыранының сынықтары кеше Алтай республикасына құлаған болатын. Зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түспеді.

«Роскосмос» федералды ғарыш агенттігі «Союз» бен «Протон-М» зымырандарының ұшырылуын уақытша тоқтатты деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG