Accessibility links

Ливияның өтпелі кеңесі Триполиге көшеді


Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің туы. Бенгази. 1 наурыз 2011 жыл.
Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің туы. Бенгази. 1 наурыз 2011 жыл.
Ливияның өтпелі ұлттық кеңесі Бенгази қаласынан Триполиге көшетінін жариялады.

Бейсенбі күні кеңестің қаржы министрі Әли Тархуни осылай деп мәлімдеді. Өтпелі кеңес осы аптада көтерілісшілер қолына өткен Триполидегі бақылауды күшейтпек. Ливия басшысы Муаммар Каддафидің қайда екені әлі белгісіз.

Бейсенбіде Стамбулда өткен Ливиямен байланыс тобының мәжілісінде бір жарым миллиард долларлық Ливия активтерін ашу жөнінде шешім қабылданды. Америка банктеріндегі бұл активтер Каддафи режиміне қарсы санкция барысында "бұғатталған" еді.
XS
SM
MD
LG