Accessibility links

Көтерілісшілер де, Каддафидің жақтастары да тұтқындарды азаптайды


Ливияда Муаммар Каддафидің жақтаушылары да, көтерілісшілер де түрмедегілерге күш көрсетіп отыр.

Бұл туралы халықаралық құқық қорғайтын Amnesty International ұйымының жаңа баяндамасында айтылған.

Баяндамада дәйек ретінде Каддафи жақтастарының Триполидегі Әбу Салим түрмесінде қамаудағы баланы зорлағаны айтылады. Сонымен бірге әз-Зауия қаласында көтерілісшілердің балаларды қиын жағдайда қамауда ұстап отырғаны да атап көрсетілген.

Amnesty International қақтығысқан тараптарды қамаудағыларды азаптамауға және адам құқығын сақтауға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG