Accessibility links

Жапония премьері қызметінен кететінін мәлімдеді


Жапония премьер-министрі Наото Кан
Жапония премьер-министрі Наото Кан
Жапония премьер-министрі Наото Кан бүгін қызметінен кететінін мәлімдеді.

Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын үкімет басшысы болып тағайындалған Наото Кан биліктегі Жапония демократиялық партиясы жетекшілігінен бас тартқанын хабарлады.

Маусым айында Кан үш негізгі заң мақұлданғаннан кейін қызметінен кетуге уәде еткен болатын. Жұма күні парламент ол заңдардың соңғысын бекітті.

"Үш маңызды заңның мақұлданғандығын ескере отырып, бұдан бұрын айтқанымдай, бүгін мен Жапония демократиялық партиясы басшылығынан кетемін", - деді Наото Кан.

Биліктегі партия дүйсенбі күні жаңа жетекшісін таңдайды. Ол елдің келесі премьер-министрі болуы әбден мүмкін.

Наото Кан наурыз айындағы зілзаладан, цунамиден кейінгі ядролық дағдарыс пен елдің экономикалық проблемаларына байланысты сынға ұшыраған еді.
XS
SM
MD
LG