Accessibility links

Пәкістанда өлтірілген әкімнің ұлы ұрланды


Пәкістанда өлтірілген әкім Салман Тасир. Тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Пәкістанда өлтірілген әкім Салман Тасир. Тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қаңтар айында Пәкістанда оққа ұшқан бұрынғы әкім Салман Тасирдің ұлы Шахбаз Тасир Лахорда ұрланды.

Полицияның хабарлауынша, төрт адам Шахбаз Тасирдің көлігіне шабуылдап, оны ұрлап әкеткен. Бұл оқиғаға байланысты жуапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.

Қыста содырлардың қастандығынан қаза тапқан Пенджаб уәлаятының бұрынғы әкімі Салман Тасир Пәкістанда исламға тіл тигізген адамға өлім жазасын кесетін заңға өзгеріс енгізуге шақырған еді.
XS
SM
MD
LG