Accessibility links

Сирия үкіметіне қарсы шерулер жалғасып жатыр


Сирияның Идлиб қаласындағы наразылық шарасы. 19 тамыз 2011 жыл.
Сирияның Идлиб қаласындағы наразылық шарасы. 19 тамыз 2011 жыл.
Белсенділердің айтуынша, бүгін сириялықтар көшеге шығып, президент Башар әл-Асад режиміне наразылықтарын жалғастырып жатыр.

Ұлыбританиядағы сириялық адам құқықтарын бақылау ұйымының мәліметінше, Хомс қаласында мыңдаған адам үкіметке қарсы шеруге қатысқан. Елдің шығысындағы Дейр Еззор қаласында қауіпсіздік күштері наразылық танытушыларды қуып таратқан. Сонымен қатар Дамаскідегі Доума ауданында наразылық танытушыларға оқ атылған.

Осыдан бір күн бұрын Сирияға санкция енгізу ұсынысына қатысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі келіссөздерге Ресей мен Қытай өкілдері бойкот жариялаған болатын.

Адам құқығын қорғаушылардың мәліметінше, наурыз айында Сирияда үкіметке қарсы шерулер басталғалы бері қауіпсіздік күштері екі мыңнан астам адамды өлтірген.
XS
SM
MD
LG