Accessibility links

Абуджадағы жарылыстан бірнеше адам мерт болды


Абуджадағы жарылыстан жараланған адамды құтқарушылар жедел жәрдем беру көлігіне кіргізіп жатыр.26 тамыз 2011 жыл

Абуджадағы жарылыстан жараланған адамды құтқарушылар жедел жәрдем беру көлігіне кіргізіп жатыр.26 тамыз 2011 жыл

Нигерия астанасы Абуджадағы БҰҰ кеңсесінде бүгін жарылыс болып, кемінде 7 адам мерт болды деп хабарлайды құтқарушылар.

Куәгерлердің айтуынша, жарылғыш заттар тиелген жүк көлігі ғимаратқа соғылған. БҰҰ кеңселері орналасқан ғимараттың бір бөлігі қираған.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті әзірше ешкім өз мойнына алмады. Нигерияда бірнеше радикалды исламшыл топтар белсенділік танытады.
XS
SM
MD
LG