Accessibility links

Алжирдегі жарылыстан 18 адам қаза тапты


Жұма күні түнде Алжирдегі Шаршал қаласындағы әскери нысанға жанкешті шабуыл жасап, 18 адам қаза тапты.

Ел астанасынан батысқа қарай 100 шақырым жердегі Шаршалдағы осы жарылыста қаза тапқандар арасында әскерилер де, бейбіт тұрғындар да бар.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жанкешті әскерилер кешкі асқа жиналған кезде жарылғышты іске қосқан.

Әзірге ешкім оқиға жауапкершілігін мойнына алған жоқ. Алжирде көптен бері исламдық экстремистік ұйымдар әрекет етіп келді. Солардың бірі "Ислам батысындағы әл-Қаида" деп аталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG