Accessibility links

Орынбай Усмоновқа тағылған айыптар дәлелденбеді


ВВС қызметкерлері Орынбай Усмоновты азат етуді талап етіп тұр. Лондон. 22 маусым 2011 жыл.
ВВС қызметкерлері Орынбай Усмоновты азат етуді талап етіп тұр. Лондон. 22 маусым 2011 жыл.
BBC арнасының Тәжікстандағы тілшісі Орынбай Усмоновқа тағылған айыптардың ешқайсысы да дәлелденбеді.

Бұл турасында тілшінің адвокаттарына сілтеме жасап Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады. Сотта Соғд облыстық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің бірі Усмоновты ұстау кезінде қателікке жол берілгенін айтты.

Орынбай Усмоновтың соты тамыздың 16-сында Хожандта басталған еді. Оған "тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымымен байланысы бар" деген айып тағылған. Усмонов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол тек журналистік мақсатпен ғана "Хизб ут-Тахрир" мүшелерімен кездескенін айтады.

Усмонов маусымның 13-інде қамауға алынды. Оның тұтқындалуын халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар айыптаған соң, ол кепілге босатылды.
XS
SM
MD
LG