Accessibility links

Ақтауда «полицияға бағынбады» деп айыпталып 10 күнге қамалған оппозицияның жастар қанатының жетекшісі Жанболат Мамай қамаудан шықты. Оған рұқсат етілмеген жиын өткізгені үшін 10 айлық есептік көрсеткішбойынша (шамамен 100 АҚШ доллары) айыппұл да салынған еді.

Бүгін Азаттық тілшісіне Мамай Ақтаудан Алматыға ұшып шыққанын хабарлады.

Ол тамыздың 16-сында Мәскеуден ұшып келген бетінде Ақтау әуежайында ұсталған еді. Мәскеуде ол Қазақстан елшілігінің алдында Маңғыстау мұнайшыларының ереуілін қолдаған пикет өткізген болатын.
XS
SM
MD
LG