Accessibility links

"Айрин" дауылының жақындауына байланысты АҚШ-тың шығыс жағалауында ондаған мың адам өз үйлерін тастап кетіп жатыр. Әуежайлар мен бірқатар транзит көлік жүйелері мен кәсіпорындар жабылды.

Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг қаланың төменгі аудандарынан 250 мың адамның міндетті түрде эвакуациялануына бұйрық берді. Президент Барак Обама демалысын тоқтатып, Вашингтонға оралды.

Жойқын дауыл бүгін Солтүстік Каролина жағалауынан кейін Вашингтон, Нью-Йорк және Бостонға бет алады деген болжам жасалды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG