Accessibility links

Абхазия президент сайлауында Александр Анкваб жеңіске жетті


Абхазия президенті міндетін уақытша атқарып отырған вице-президент Александр Анкваб. Сухуми, 24 тамыз 2011 жыл.

Абхазия президенті міндетін уақытша атқарып отырған вице-президент Александр Анкваб. Сухуми, 24 тамыз 2011 жыл.

Грузияның жікшіл Абхазия аймағындағы президент сайлауында вице-президент Александр Анкваб жеңіске жетті.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Батал Табагуаның мәлімдеуінше, жұма күнгі сайлаудың бастапқы қорытындысы Александр Анквабтың 55 пайыз дауыс жинағандығын көрсеткен.

Мамыр айында президент Сергей Багапш қайтыс болған соң өткізілген бұл сайлауды Тбилиси "заңсыз" деп санайды.

2008 жылы Грузияның тағы бір жікшіл аймағы - Оңтүстік Осетияға байланысты Мәскеу мен Тбилиси арасында болған соғыстан кейін Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз елдер деп мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG