Accessibility links

АҚШ: әл-Қаидаға екінші қолбасшысының өлімі соққы болды


Әл-Қаиданың жаңа жетекшісі Айман әл-Зауахиридің Сириядағы шерушілерге қарсы видео жолдауы. 27 шілде. 2011 жыл.

Әл-Қаиданың жаңа жетекшісі Айман әл-Зауахиридің Сириядағы шерушілерге қарсы видео жолдауы. 27 шілде. 2011 жыл.

АҚШ-тың ресми өкілдері Пәкістанда әл-Қаиданың екінші үлкен қолбасшысының өлтірілуі террорлық ұйымға ауыр соққы болды деп сенетіндерін айтты.

Хабарларға қарағанда, әл-Қаида операцияларын ұйымдастырып отырған Атия Абд әл-Рахман тамыздың 22-де Солтүстік Вазиристан тайпалы аймағында оққа ұшқан.

Кейбір мәліметтер бойынша, ұлты ливиялық әл-Рахман АҚШ-тың алыстан басқарылатын зымыран шабуылынан қаза тапқан. Ол әл-Қаиданы қазір басқарып отырған Айман әл-Зауахириден кейінгі екінші адам саналады.

Әл-Рахман террорлық ұйымның бұрынғы жетекшісі Усама бин Ладен мамыр айында өлтірілгеннен кейін қолбасшылыққа көтерілген деген ақпараттар бар.
XS
SM
MD
LG