Accessibility links

Иранның рухани жетекшісі 100 сотталғанға рахымшылық жариялады


Аятолла Али Хаменеи.

Аятолла Али Хаменеи.

Ираннан түскен хабарларға қарағанда, елдің рухани жетекшісі Али Хаменеи ел қауіпсіздігіне қарсы әрекет етті деп сотталған 100 адамды босатуды бұйырған.

Хабарларға қарағанда, рахымшылыққа ілінгендер арасында 2009 жылғы даулы президент сайлауынан кейін ұсталғандар бар.

Тегеран прокуроры Аббас Жафари Долатабади "Фарс" ақпарат агенттігіне, қамаудағылар кешірім сұрағаннан кейін рахымшылық алды деген.

Бұл рахымшылық Рамазан айы аяқталар тұста және ирандық саясаткерлер келесі парламент сайлауына дайындалып жатқанда жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG