Accessibility links

Үндістанның коррупциямен күрескері аштық акциясын тоқтатты


Үндістанның жемқорлықпен күрескері Анна Хазаре. Нью-Дели. 15 тамыз. 2011

Үндістанның жемқорлықпен күрескері Анна Хазаре. Нью-Дели. 15 тамыз. 2011

Үндістанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсендісі Анна Хазаре парламент өзінің талаптарын қарауға келіскен соң 12 күндік аштық акциясын тоқтатты.

74 жастағы күрескер Хазаре наразылық шарасын тоқтата келе, кокос шырынын ішіп тұрып, өзінің қарсылығы "бүкіл әлемге сабақ болды" деген.

Хазаре елдегі үкімет мүшелерінің әрбірін бақылап, биліктегі сыбайлас жемқорлық істерін қадағалап отыратын коррупцияға қарсы омбудсмен құруды ұсынған.
XS
SM
MD
LG