Accessibility links

Дамаск маңында Асад күштері мен армия жасақтары шайқасқан


Сириядағы шерушілер.

Сириядағы шерушілер.

Дамасктің солтүстік-шығысындағы тұрғындар Рейтерс агенттігіне өз аймақтарында үкіметтік күштері мен армия дезертирлары арасында қақтығыс болғанын айтты.

Оқиға жайлы хабарлаушылар президент Башар әл-Асад күштері Хараста қалашығы маңындағы шерушілерге оқ атқан соң, бөлініп шыққан ондаған сарбаз жеміс бағына бекініп алып, үкімет жасағын атқылаған. Сирия оппозициясы үкімет әскеріне қарсы шабуылдаған армия дезертилері десе, үкімет оны жоққа шығарып отыр.

Осының алдында Араб лигасы өздерінің бас хатшысы Набил әл-Арабиді Дамаскіге жіберіп, елдегі дағдарысты шешуге шақыратынын айтқан.
Араб лигасының мәлімдемесінде, Сириядағы қырғындар қайғылы жағдай екенін айтып, бұл елдегі тұрақсыздыққа алаңдаулы екендерін танытқан.
Сирия билігін халықтың қауіпсіз өмір сүру құқын сыйлауға шақырып, олардың саяси және әлеуметтік реформаларға ұмтылуға заңды құқы бар екенін айтқан.

БҰҰ-ның өкілдері келтірген мәліметке сүйенсек, наурыз айында басталған Сириядағы наразылық шараларын күшпен басу барысында 2 мыңнан аса адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG