Accessibility links

Йемендік теңізшілер жанкештілік жарылыстың алдын алған


Йемен Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, елдің әскери теңіз күштері жарылғыш зат тиеді деген күдікпен әскери кемеге қатты жылдамдықпен жақындамақ болған қайықты атып, суға батырған.

Йемендік әскери теңіз қолбасшысы сенбі күні болған оқиға туралы қорғаныс министріне баяндағанда, моторлы қайық ескертуге мән бермеген соң, оларға оқ атылды деген.

Қорғаныс министрлігі бұл шабуылдамақ болғандардың артында кімдер тұруы мүмкін деген күдіктерін айтпады. Бірақ оқиға Йемендегі әл-Қаида бақылауындағы Абиян провинциясына жақын маңдаңы жағалауда болды.
XS
SM
MD
LG