Accessibility links

ВИЧ-пен күрескен дәрігер Иран түрмесінен шықты


Камиар Алаей Вашингтонда.

Камиар Алаей Вашингтонда.

ВИЧ дертіне шалдыққан есірткіге тәуелділерді емдеп аты шыққан ирандық дәрігер Тегерандағы түрмеден шықты. Ол режимге қарсы астыртын әрекеттерге барды деген айыппен сотталып, 3 жылдан аса уақыт абақтыда отырды.

Бұл туралы хабарлаған оның АҚШ-тағы бауыры Камиар Алаей AFP франциялық ақпарат агенттігіне берген сұқбатында, ағасы Араш Алаей өткен аптада Иранда рахымшылыққа ілінген 100 адамның тізімінде болғанын айтты.

37 жастағы Камиардың өзі де осы жылдың басында түрмеден шығып, дәрігерлік оқуын жалғастыру үшін АҚШ-қа кеткен.

42 жастағы Араш басында 6 жылға сотталған. Бұл ағайындылар 1990 жылдары ВИЧ дертіне шалдыққандарды емдеумен айналысқан.
XS
SM
MD
LG