Accessibility links

Ливия көтерілісшілері Каддафидің туған қаласына қарай жылжыды


Ливия көтерілісшілері портты қала Рас Лануфқа кіре берісте тұр. 27 тамыз. 2011

Ливия көтерілісшілері портты қала Рас Лануфқа кіре берісте тұр. 27 тамыз. 2011

Ливия көтерілісшілері Муаммар Каддафидің туған жері Сирте қаласына жақындай түсті. Көтерілісшілер қолбасшыларының бірі Сиртеге шығыстан, басқалары батыс тарапынан кіргелі жатқанын айтты.

НАТО өзінің соғыс ұшақтары Сиртеге үш күн соққы бергенін айтты. Каддафиді 100 мыңдай адамы бар Сирте қаласы қолдап отыр.

Сарапшылар көтерілісшілер үшін Каддафиді ұстау стратегиялық тұрғыдан маңызды болады дейді. Жексенбі күні көтерілісшілер Каддафи өкілінің билікті беру ұсынысын қабылдамай қойған.
XS
SM
MD
LG