Accessibility links

Жапонияның қаржы министрі үкімет басшысы болмақшы


Қаржы министрі Йосихико Нода биліктегі Демократиялық партияның жетекшісі болып сайланды. 29 тамыз. 2011
Қаржы министрі Йосихико Нода биліктегі Демократиялық партияның жетекшісі болып сайланды. 29 тамыз. 2011
Жапонияның қаржы министрі Йосихико Нода биліктегі Демократиялық партияның басшысы болып, елдің келесі премьер-министріне айналмақшы. Ол қарсыласы сауда және өнеркәсіп министрі Банри Кайедемен дауысқа түсіп, Демократиялық партия жетекшісі болды.

Енді оның премьер-министр ретіндегі кандидатурасын сейсенбі күні парламент мақұлдайды. Нода өткен аптада үкімет басынан кеткен Наото Каннан кейін соңғы бес жылда сайланған алтыншы премьер болмақ.

54 жастағы Нода қаржы консерваторы ретінде танылған. Ол енді Жапонияда наурыздың 11-де болған зілзала мен цунами апаттарынан кейінгі зардаптар мен экономикалық қиындықтарды жоюмен күреседі.
XS
SM
MD
LG