Accessibility links

Украина президенті Польшаға барды


Украина президенті Виктор Янукович пен Польша президенті Бронислав Коморовски. Ялта, 30 қыркүйек 2010 жыл.

Украина президенті Виктор Янукович пен Польша президенті Бронислав Коморовски. Ялта, 30 қыркүйек 2010 жыл.

Украина президенті Виктор Янукович пен оның поляк әріптесі Бронислав Коморовскидің бүгінгі келіссөздері барысында Украинаның Еуропа Одағына мүше болуға ұмтылыстары талқылануы мүмкін. Екі ел басшылары Польшаның солтүстігіндегі Юрата курортында кездеседі.

Польша бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Польша президенті Украинада тұтқындалған бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың мәселесін де көтеруі мүмкін.

Еуропа Одағы тамыз айының басында Тимошенконың қамауға алынуына байланысты алаңдаушылық танытқан болатын. Одаққа қазір Варшава төрағалық етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG