Accessibility links

Ливиялық көтерілісшілер Каддафи күштеріне ультиматум қойды


Ұлттық өтпелі кеңестің жетекшісі Мустафа Абдул Жалил. Бенгази, 22 тамыз 2011 жыл.
Ұлттық өтпелі кеңестің жетекшісі Мустафа Абдул Жалил. Бенгази, 22 тамыз 2011 жыл.
Ливия көтерілісшілері Муаммар Каддафиді қолдайтын күштерге ультиматум қойып, «сенбіге дейін берілесіңдер әйтпесе әскери күш қолданылады» деп мәлімдеді.

Бүгін Ұлттық өтпелі кеңестің жетекшісі Мустафа Абдул Жалил Бенгазиде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Каддафидің туған қаласы – Сирт пен тағы басқа аймақтарда Каддафи жақтастарының берілуі туралы келіссөздер жүріп жатыр деп атап көрсетті.

Дүйсенбі күні Муаммар Каддафидің әйелі мен үш баласының Алжирге қашып кеткендігі белгілі болды. Ал Каддафидің қайда екені - белгісіз.
XS
SM
MD
LG