Accessibility links

АҚШ Сирияға қарсы санкциялар енгізіп жатыр


Сирия әскери күштерінің техникасы Хомс қаласының көшесінде. 30 тамыз 2011 ж.
Сирия әскери күштерінің техникасы Хомс қаласының көшесінде. 30 тамыз 2011 ж.
АҚШ қаржы министрлігі сейсенбі күні Сирия үкіметіндегі тағы үш адамға - Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муалем, Сирия президенті Башар әл-Асадтың кеңесшісі Бусейна Шаабан және Сирияның Ливандағы елшісі Әли Абдул Карим Әлиге қарсы қарсы санкциялар енгізді.

Ораза айт мерекесінің алғашқы күні Сирияның бірнеше қаласында наразылық шаралары өтті. Сириялық белсенділердің деректері бойынша, елдің бірнеше бөлігінде қауіпсіздік күштері наразылыққа шыққан жұртқа оқ атып, кемінде жеті адам мерт болған.

Сирияда үкіметке қарсы наурыз айында басталған наразылық шараларын күшпен басу барысында 2 мыңнан аса адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG