Accessibility links

Қырғызстан қытай азаматтарына қатысты оқиғаны тергеуге уәде етті


Қытай компаниясының «Солтон-Сары» кенішінде жұмыс істегеніне наразылық білдірген Эмгекчил ауылының тұрғындары. Нарын облысы, 27 тамыз 2011 жыл.

Қытай компаниясының «Солтон-Сары» кенішінде жұмыс істегеніне наразылық білдірген Эмгекчил ауылының тұрғындары. Нарын облысы, 27 тамыз 2011 жыл.

Қырғыз үкіметі елдегі алтын кенішінде жұмыс істейтін үш қытай азаматының соққыға жығылғаны қатысты оқиғаны мұқият тергеуге уәде етті.

Нарын облысының үш жүзге жуық тұрғыны тамыздың 27-і қытай компаниясы жұмыс істейтін «Солтон-Сары» алтын кеніші маңына жиналып, алтын өндіру ісін тоқтатуды талап еткен еді. Олар бағалы кенді қытайлықтардың өндіруіне қарсылық білдірген. Осы оқиғаның барысында полицияның үш қызметкері және кеніште жұмыс істейтін үш қытай азаматы зардап шеккен.

Бұл Қырғызстанда жұмыс істейтін қытайлық компаниялардың іс-әрекетіне қарсы алғашқы оқиға емес. Қырғызстандағы қытай елшісі Ванг Кайвен тақауда болған осы наразылықтың артында белгісіз саяси топтар тұруы мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG