Accessibility links

Қытай тибеттік тағы екі монахты соттады


Лхасадағы Птала алаңы, Тибет. Көрнекі сурет.

Лхасадағы Птала алаңы, Тибет. Көрнекі сурет.

Қытайдың Сычуань провинциясының соты тибеттік екі монахқа 10 және 13 жыл мерзімге түрме жазасын тағайындау туралы үкім шығарды.

Би-би-си ақпараты бойынша, сот әлгі екеуін биыл наурызда Қытай билігінің Тибеттегі қуғын-сүргін саясатына наразылық ретінде өзін-өзі өртеп жіберген 16 жастағы Ригзин Пхунтсогтың өліміне айыпты деп тапқан.

Бұған дейін, дүйсенбі күні дәл осындай айыппен тибеттік тағы бір монах 11 жыл мерзімге түрме жазасына кесілген еді.
XS
SM
MD
LG