Accessibility links

Шешенстандағы жарылыстан 8 адам қаза тапты


Грозныйдағы жарылыс болған жерде балалар жүр. 31 тамыз. 2011
Грозныйдағы жарылыс болған жерде балалар жүр. 31 тамыз. 2011
Шешенстан астанасы Грозныйда екі бірдей жанкештілік жарылыс болып, сегіз адамның өмірін қиды.

Ресейдің ақпарат құралдары полиция өкілдеріне сілтеме жасап, полиция күзетшісі тоқтатпақ болғанда бір жанкешті өзін жарып жіберген деп хабарлады. Екіншісі жарылыс болған жерге көп адам жиналып жатқанда, бомба жарған.

Жергілікті парламент ғимараты маңында болған жарылыстан 22 адам жарақат алды.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров нағыз бет-пердесін танытқан бандылардың көзін құрту керек деді. Бұл жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім алмады.
XS
SM
MD
LG