Accessibility links

Прокуратура: "Теракт жасамақ болған 18 күдікті ұсталды"


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Атырауда террорлық акт жасамақ болған деген күдікпен 18 адам ұсталғаны туралы бүгін брифингте Атырау облысының прокуроры Сейфулла Кемалов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұсталғандардың барлығы Атырау облысының тұрғындары, олардың алтауы қамауға алынып, Қылмыстық коекдстің 233-бабы (терроризм) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Облыс прокуроры тамыздың 29-ы күні діни экстремизмге қатысы бар деген күдіктілердің бірі оққа ұшқанын растады.

- Ол адам өзін ұстамақ болған құқық қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен соң атыста қаза болды, ал оның үйін тінту барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы бөлшектері, діни әдебиет, тегіс ұңғылы мылтық табылған, - деді прокурор Сейфулла Кемалов.
XS
SM
MD
LG