Accessibility links

Польша президенті Бронислав Коморовски Украинадағы оппозиция жетекшісі Юлия Тимошенконың соты Киев пен Еуропа одағының арасындағы байланыстарға кері салдарын тигізуі мүмкін деді.

Коморовски бұл туралы кеше Варшавада Украина президенті Виктор Януковичпен кездесуден кейін айтты.

Еуропа одағына төрағалық етіп отырған Польша елінің жетекшісі Киев Тимошенконың ісіне қатысты қандайда бір күмән жойып, саяси қарсыласқа қарсы сотты тоқтатуы керек деді.

"Қызғыл-сары" төңкерістің жетекшісі әрі Януковичтің сайлаудағы бәсекелесі болған Тимошенко өзіне қарсы қозғалған коррупцияға қатысты сотты сыйламады деп, тамыздың 5-де қамауға алынған. АҚШ пен Еуропа Одағы Киевтің бұл шешімін сынады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG