Accessibility links

Ресей мен Қытай Ливияға қатысты конференцияға өкілдерін жібереді


Триполидегі Франция елшілігіне қарсы жазылған сөздер.
Триполидегі Франция елшілігіне қарсы жазылған сөздер.
Ресей мен Қытай бейсенбі күні Парижде өтетін Ливияға қатысты халықаралық конференцияға өз өкілдерін жіберетінін айтты.

Франция президенті Николя Саркози мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Ливияның өптелі кеңесі жетекшілерімен өтетін «Ливия достары» деген конференцияға бірлесіп төрағалық етеді.

Бұл жиынға БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун бұл конференияға барып, Муаммар Каддафи режимі құлағаннан кейінгі Ливияны дамыту үшін өтпелі кеңеске қаржылай қолдау көрсетуге шақырмақшы.

Қытай мен Ресейдің Ливияда құны миллиардттаған доллар болатын контрактілері бар.
XS
SM
MD
LG