Accessibility links

Apple экология талаптарын бұзған деген сөзге қалды


Apple компаниясының белгісі.
Apple компаниясының белгісі.
Қытай экологтары америкалық Apple корпорациясын табиғат қорғау талаптарын бұзған деп кінәлап отыр.

Қытайдың бірқатар қоғамдық ұйымдары таратқан мәлімдемесінде Apple компаниясын түрлі бөлшектермен қамтамасыз ететін серіктес кәсіпорындар заң талабын бұзып, қоршаған ортаға ауыр металдар мен басқа да улы заттар тастап адамдар денсаулығына қауіп төндіріп отыр деп дабыл қағады.

Франс Пресс агенттігіне сұқбатында Apple компаниясының өкілі қытайлық экологтардың мәлімдемесіндегі айтылған жайттарды қарап жатқандарын айтқан. Оның сөзінше, былтыр корпорация 97 зауытты тексерген.
XS
SM
MD
LG