Accessibility links

Ресей үкіметі Ливияның Ұлттық өтпелі кеңесін елдің қазіргі билігі ретінде мойындайды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.

Бұл мәлімдеме бүгін Франция астанасында Ливияның болашағына арналған халықаралық конференция басталар алдында жарияланып отыр.

Париждегі жиынға БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, халықаралық ұйымдар мен әлемнің 60 жуық мемлекетінің өкілдері, ал Ливияның атынан көтерілісшілер құрған Ұлттық өтпелі кеңес мүшелері қатыспақшы.

Халықаралық конференцияның басты тақырыбы - Муамар Каддафи режимі құлаған соң Ливияға халықаралық қауымдастық тарапынан жәрдем беру туралы болмақ. Сонымен бірге, шетелдік банктердегі Ливияға тиесілі қаржы-мүліктер жайы да сөз болады.
XS
SM
MD
LG