Accessibility links

Сирияда аймақ прокуроры оппозицияға қосылды


Қалаға енгізілген әскери техника. Хама, Сирия, 1 тамыз 2011 ж.

Қалаға енгізілген әскери техника. Хама, Сирия, 1 тамыз 2011 ж.

Сирияның Хама провинциясының прокуроры Аднан Мохаммад әл-Баккурдың қызметінен өз еркімен бас тартып, оппозицияға қосылатыны туралы мәлімдемесі жазылған видео сәрсенбі күні youtube сайтында жарияланды.

Бұған дейін Сирияның ресми басылымдары "Хама прокурорын ұрлап кетті" деп хабарлаған еді, бірақ Аднан Мохаммад әл-Баккур видеожазбада ол ақпаратты жоққа шығарып, елдегі оппозицияны биліктің қантөгіспен басып-жаншығанына наразылық ретінде отставкаға кеткені туралы мәлімдеген.

Өз айтуынша, әл-Бакуур қауіпсіздік күштері Хамаға кірер алдында, шілденің 1-іне дейін, наразылық шарасына қатысқаны үшін ұсталған 72 адамды атып тастағаны белгілі болысымен осындай шешімге келген. Бұрынғы прокурор Сирия аумағынан шыққан соң бұл операцияның егжей-тегжейін баяндауға уәде етті.
XS
SM
MD
LG