Accessibility links

Нигерияда теракт жасаған деген күдікпен екі кісі ұсталды


БҰҰ өкілдігінің кеңсесіне террорлық шабуыл жасалды. Абуджа. 26 тамыз 2011 ж.

БҰҰ өкілдігінің кеңсесіне террорлық шабуыл жасалды. Абуджа. 26 тамыз 2011 ж.

Нигерияда БҰҰ өкілдігінің кеңсесіне террорлық шабуыл жасаған деген күдікпен екі адам ұсталды.

Елдің қауіпсіздік қызметі ұсталған екеу - Бабагана Исмаил Куалжима мен Бабаган Малидің "Боко Харам" ұйымының мүшелері екенін айтып отыр. Бұл ұйым тамыздың 26-сында Нигерия астанасында жасалған террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған. Ол шабуылдан 23 адам қаза болған еді.

Осы қылмысқа қатысы бар деген сезікпен Мамман Нур деген тағы бір кісіге іздеу жарияланған. "Әл-Қаидамен" байланысы бар делінетін оның жақында Сомалиден оралғаны хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG