Accessibility links

Әбділдин оппозициялық "Халық майданы" басшылығынан кетті


Серікболсын Әбділдин

Серікболсын Әбділдин

Серікболсын Әбділдин денсаулық жағдайына байланысты оппозициялық "Халық майданы" басшылығынан бас тартты. Бұл туралы бүгін "Халық майданы" мәлімдемесіне сілтеме жасап, "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігі хабарлады.

Маусым айында Қазақстан Коммунистік партиясы, тіркелмеген «Алға» партиясы және бірқатар қоғамдық ұйымдар «Халық майданы» деп аталатын бірлескен қозғалыс құрғандарын жариялаған болатын.

Қазақстан Коммунистік партиясының бұрынғы жетекшісі 73 жастағы Серікболсын Әбділдин аталмыш қозғалыстың орталық кеңесінің төрағасы болып сайланған еді.
XS
SM
MD
LG