Accessibility links

Өзбекстан тәуелсіздігіне 20 жыл толды


Өзбекстан президенті Ислам Каримов

Өзбекстан президенті Ислам Каримов

Бүгін Өзбекстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп жатыр.

Президент Ислам Каримов тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген сөзінде елде саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға уәде етті.

Ол Өзбекстанның бай және дамыған ел болуын қалайтынын айтып, "бұл мақсатқа қол жеткізу үшін өзімді құрбандыққа шалуға дайынмын" деп мәлімдеді.

Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар елдегі нашар адам құқықтары жағдайына байланысты Өзбекстан үкіметін жиі сынайды.
XS
SM
MD
LG