Accessibility links

Ауғанстанда қаза болған грузин сарбаздарының саны 10-ға жетті


Ауғанстанға жіберілген грузин сарбаздары. Сәуір 2011 жыл.

Ауғанстанға жіберілген грузин сарбаздары. Сәуір 2011 жыл.

Грузия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ауғанстандағы "Талибан" бүлікшілері бір грузин сарбазын өлтірген. Бұл - Ауғанстанда мерт болған оныншы грузин азаматы. Ол Хелманд уәлаятында күзетшілікте болған кезінде оққа ұшқан делінеді.

Ауғанстанда Грузияның 950-ге жуық сарбазы бар. Олар негізінен елдің оңтүстігіндегі Хелманд уәлаятында орналасқан.

Ауғанстандағы грузин әскерилері "Талибан" содырларымен күресіп жатқан халықаралық қауіпсіздік күштеріне көмектесіп жатыр.
XS
SM
MD
LG