Accessibility links

Әлем лидерлері Ливияға активтерін қайтаруға келісті


«Ливия достары» кездесуіне қатысушылар. Париж, 1 қыркүйек 2011 ж.

«Ливия достары» кездесуіне қатысушылар. Париж, 1 қыркүйек 2011 ж.

Бейсенбі күні Парижде Ливияның болашағына арналған халықаралық жиында әлем лидерлері шетелдік банктердегі Ливияға тиесілі қаржы-мүліктерге салынған уақытша тыйымды алуға уәде етті. Ол активтер енді Ливияда Муаммар Каддафи режиміне қарсы алты айға жалғасқан күрестен соң Ұлттық өтпелі кеңес басшылығына елдегі жағдайды қайтадан қалпына келтіруге жұмсалмақ.

Франция президенті Николя Саркозидің айтуынша, Каддафи режиміне қарсы санкция бойынша уақытша тыйым салынған активтер көлемі 15 миллиард доллар. Сонымен бірге, Париждегі жиынға қатысушылар Ұлттық өтпелі кеңесті Ливияның заңды билігі деп тануды сұрап, Біріккен Ұлттар Ұйымына өтініш жасауға келісті.

Ал қазірде жасырынып жүрген Муаммар Каддафи бейсенбіде таратқан аудио үндеуінде Ливия халқын НАТО халықаралық күштерінің қолдауына сүйенген көтерілісшілерге қарсы партизандық соғыс жүргізуге шақырған.
XS
SM
MD
LG