Accessibility links

Лукашенко төрт оппозиционерге рақымшылық жариялады


Беларусь президенті Александр Лукашенко. Витебск, 10 шілде 2011 ж.
Беларусь президенті Александр Лукашенко. Витебск, 10 шілде 2011 ж.
Беларусь президенті Александр Лукашенко түрмеде сот жазасын өтеп жатқан оппозицияның төрт белсендісіне рақымшылық жариялады. Ол төртеуі былтыр желтоқсанның 19-ы елдегі президент сайлауының қортындысымен келіспеген оппозиция шеруіне қатысқаны үшін сотталған еді.

Ресми хабарламада, сотталған төртеудің "өз істеріне өкініш білдіріп, айыптары мен заң бұзғандарын мойындайтындығы" айтылған. Ал бұл кезде Болгария Александр Лукашенконың Еуропа одағымен қарым-қатынасты жақсарту үшін биылғы қазан айының ортасына дейін барлық саяси тұтқындарды босатуға уәде бергені туралы мәлімдеме таратты.

Былтыр Беларусь президентінің қайта сайланғанына наразылық білдіріп көшеге шыққан оппозиция шеруіне қатысқан 700-ден аса адамды билік ұстап әкеткен соң Еуропа одағы мен АҚШ ресми Минскінің ісін айыптап, Александр Лукашенконың режиміне қарсы санкция енгізген еді.

Оппозициялық көзқарасы үшін жазаланған 50 адам әлі күнге дейін Беларусь түрмесінде қамауда отыр. Олардың арасында үш адам - былтырғы президент сайлауына оппозициядан кандидат болып қатысқан.

Бүгін Польшада басталатын Еуропа одағына мүше елдер сыртқы істер министрлерінің екі күндік жиынында Беларусь еліндегі жағдай талқыланады.
XS
SM
MD
LG