Accessibility links

Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің басшылығы Триполиге көшеді


Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің басшысы Мустафа Абдел Жалил

Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің басшысы Мустафа Абдел Жалил

Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің басшылығы алдағы аптада Триполиге көшуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл туралы кеңес жетекшісі Мустафа Абдел Жалил елдің шығысындағы Бенгази қаласында мәлімдеді.

Муаммар Каддафидің 42 жылдық билігін аяқтау үшін алты ай бойы күрескен көтерілісшілер осы уақытқа дейін Бенгазиді өзінің саяси орталығы ретінде пайдаланып келді.

Жұма күні Ливияның уақытша басшылығы жиырма ай ішінде елде демократиялық сайлау өткізуге уәде етті. Процесс барысында жаңа конституция әзірленіп, референдум ұйымдастырылмақ.
XS
SM
MD
LG