Accessibility links

Апат кесірінен Көкшетау сусыз қалды


Магистральдық су таратқыштағы апат кесірінен Көкшетау қаласы сусыз қалды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігі.

"Көкшетау су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, сенбі күні таңертең құбырдың істен шығуына байланысты қаланың барлық аудандары сусыз қалған.

Қазақстанның солтүстігіндегі Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында 150 мыңға жуық адам тұрады.
XS
SM
MD
LG