Accessibility links

Стросс-Кан өзіне қарсы іс жабылған соң, Францияға оралды


Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Нью-Йорктегі Жоғары сот ғимаратынан әйелі және адвокатымен қатар шығып келе жатыр. 23 тамыз. 2011

Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Нью-Йорктегі Жоғары сот ғимаратынан әйелі және адвокатымен қатар шығып келе жатыр. 23 тамыз. 2011

Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан жыныстық шабуыл жасады деген айыппен өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іс жабылған соң, туған елі Францияға оралды.

Стросс-Кан мен оның әйелі сенбі күні кешкісін Нью-Йорктің әуежайынан шығып, бүгін таңертең Парижге жетті. Ол өзіне қарсы Нью-Йорктегі қонақ үйдің қызметші әйеліне шабуылдап, зорламақ болды деген айып тағылған соң, Халықаралық валюта қоры басшылығынан кеткен болатын.

Тамыздың 23-де Нью-Йорк соты тергеу кезінде қонақ қызметкерінің айтқандары күдік туғызды деп 62 жастағы Стросс-Канға қарсы айыпты алып тастаған. Ол тағылған айыпты мойындамай келген.

Стросс-Кан бұл жанжалға дейін алдағы жылы Францияда өтетін президенттік сайлауда жеңуі мүмкін кандидат ретінде қаралып келген.
XS
SM
MD
LG