Accessibility links

Каддафиге қарсы күштер Бани Валид қаласына шабуылдамақшы


Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафи белгісіз жерден жасаған аудио жолдауында өзінің көтерілісшілерге берілмейтінін қайталады. 1 қыркүйек, 2011

Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафи белгісіз жерден жасаған аудио жолдауында өзінің көтерілісшілерге берілмейтінін қайталады. 1 қыркүйек, 2011

Ливиядағы көтерілісшіл күштер өздерінің Муаммар Каддафи жақтастары бақылауында қалған соңғы қаланы басып алуға дайын отырғандарын айтты.

Каддафиге қарсы күштер Триполиден 150 шақырым жердегі Бани Валидтегі бұрынғы режим жақтастары көтерілісшілерге берілмесе, қалаға шабуылдайтындарын ескерткен.

Каддафи өкілі Мусса Ибрахим Рейтерс агенттігіне берген сұқбатында, Бани Валид қаласындағы ең ірі Варфалла тайпасы әлі де Каддафиге қатты берілгендіктен, қаланың көтерілісшілерге беріле қоюы екіталай деген.

Ливияның өтпелі үкіметінің күштері Каддафидің туған қаласы Сирт пен Сабха қалаларын басып алуға жақын қалғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG