Accessibility links

Иран президенті Тәжікстанда екі күндік сапармен болады


Тәжікстан мен Иран президентінің кездесуі. 26 маусым. 2011 жыл.

Тәжікстан мен Иран президентінің кездесуі. 26 маусым. 2011 жыл.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен бүгін Душанбеге екі күндік сапармен барады.

Тәжікстандағы Иран елшісі Али Асқар Шердоусттың айтуынша, Ахмадинежадтың Тәжікстанға сапарында Иранның сыртқы істер, денсаулық және энергетикалық мәселелер жөніндегі министрлері бірге жүреді.

Ресми хабарларға қарағанда, президент Ахмадинежад Вахш өзенінде ирандықтар салған "Сангтуде-2" су электр стансасының ашылуына қатысады. Бұл гидростансаға иелікті Тәжікстан 12 жылдан кейін ғана өзіне ала алады деп хабарланған.

Иран мен тәжік үкіметінің өкілдері бірқатар экономикалық ынтымақтастық жобаларын талқыламақшы.
XS
SM
MD
LG