Accessibility links

HRW: АҚШ-Британия агенттерінің Каддафи билігімен байланысы болды


Адам құқын зерттеушілер Триполиден табылған соңғы құжаттар Муаммар Каддафидің барлау қызметі мен Ұлыбритания және АҚШ тыңшылары бірлесіп жұмыс істегенін көрсетті деп мәлімдеді.

Human Rights Watch адам құқын қорғаушы халықаралық ұйымның қолын түскен мәліметтер Ливияның қауіпсіздік агенттігінің ғимаратынан табылған.

Ондағы кейбір құжаттарда АҚШ пен Британияның тыңшылық агенттіктері Каддафи режиміне ливиялық диссиденттерді қудалауға көмектескені айтылған. Тағы бірінде АҚШ-тың терроризм бойынша күдіктілерді тергеу үшін шетелге ауыстырғаны туралы мәліметтер бар.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG