Accessibility links

Ливиядағы Бани-Валид қаласы көтерілісшілерге берілер емес


Бани-Валид қаласынан 70 шақырымдағы әл-Бурхан базасы. 2 қыркүйек 2011 ж.

Бани-Валид қаласынан 70 шақырымдағы әл-Бурхан базасы. 2 қыркүйек 2011 ж.

Ливияда Муаммар Каддафи жақтастарының бақылауындағы Бани-Валид қаласының ақсақалдары мен көтерілісшілер арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесіз аяқталды - тұрғындар қаланы көтерілісшілерге беруден бас тартты.

Бұған дейін көтерілісшілер Муаммар Каддафиді қолдайтындар бекініп алған Бани-Валид қаласы бейбіт жолмен берілмесе, шабуыл жасайтындарын ескерткен еді. Қазір мыңдаған көтерілісші қаланы қоршап тұр.

Ливияның жаңа билігі - Ұлттық өтпелі кеңес бұрынғы режимнің көптеген өкілдері дәл осы Бани-Валид қаласында деп санайды. Көтерілісшілер Каддафидің сенімді көмекшісі Мусса Ибрагим, тіпті Каддафидің өзі де осы қалада жасырынып отыр деп сезіктенеді.

Осының алдында Каддафи өкілі Мусса Ибрахим Рейтерс агенттігіне берген сұқбатында "Бани Валид қаласындағы ең ірі Варфалла тайпасы әлі де Каддафиге қатты берілгендіктен, қаланың көтерілісшілерге өте қоюы екіталай" деген.
XS
SM
MD
LG