Accessibility links

Египетте Мүбәракқа қарсы сот жалғасады


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак сот залында. Каир, 15 тамыз, 2011 ж.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак сот залында. Каир, 15 тамыз, 2011 ж.
Бүгін Египетте бұрынғы президент Хосни Мүбәракқа қарсы сот процесі жалғасуы тиіс. Мүбәрак "шеруге шыққан бейбіт азаматтарды жаппай өлтіру" және "коррупция" қылмыстары бойынша өзіне тағылған айыптарымен келіспей отыр.

Алдыңғы екі сот мәжілісінен өзгешелігі, судья бүгінгі сот отырысын тікелей телебайланыс арқылы көрсетуге тыйым салды.

Мүбәракпен бірге сотқа айыпкер ретінде оның екі ұлы Гамаль мен Алаа, бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Әділ және бұрын полицияның жоғарғы лауазымды қызметінде болған тағы 6 адам қатысып отыр.

83 жастағы Мүбәракты қорғауға Каирге Кувейттен 10 адвокат келген. Олар 1990 жылы Ирак Кувейтке басып кіргенде Кувейтке қолдау танытқан Египет президентіне осылайша құрмет білдіретіндерін айтқан.
XS
SM
MD
LG