Accessibility links

Францияның экс-президенті Жак Ширакқа қарсы сот басталады


Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак (оң жақта). Париж, 7 наурыз 2011 ж.

Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак (оң жақта). Париж, 7 наурыз 2011 ж.

Бүгін Парижде Францияның бұрынғы президенті Жак Ширакқа қарсы сот процесі басталады.

Коррупциялық қылмысқа қатысы бар деп айып тағылған экс-президенттің кінәсі дәлелденсе, соты оны 10 жыл мерзімге дейін түрме жазасына кесіп, 150 мың еуро айыппұл салу туралы үкім шығаруы мүмкін.

Тергеушілер 78 жастағы Жак Ширактың 1977 жылдан бастап Париж қаласының мэрі болып тұрған кезде өзін қолдайтын консервативтік партияны қаржыландыру мақсатында жалған жұмыс орындарын ашып, бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсаған деп айыптап отыр. Ширакпен бірге тағы бірнеше адамға айып тағылған.

Бұған дейін Ширактың адвокаттары айыпкердің өзі денсаулық жағдайына байланысты сотқа қатыса алмайды деп хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG