Accessibility links

Әзербайжан президентінің қызы ресейлік кәсіпкерге тұрмысқа шықты


Әзербайжан президентінің қыздары Арзу (сол жақта) мен Лейла Әлиевалар. Мәскеу, 20 желтоқсан 2007 ж.

Әзербайжан президентінің қыздары Арзу (сол жақта) мен Лейла Әлиевалар. Мәскеу, 20 желтоқсан 2007 ж.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қызы 22 жастағы Арзу Әлиева ресейлік кәсіпкерге тұрмысқа шықты.

Жас жұбайлардың неке тойы сенбі күні Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен.

Күйеу бала 23 жастағы Самед Курбанов - Ресейдегі танымал кәсіпкер Айдын Курбановтың жалғыз ұлы. 2003 жылы қайтыс болған Айдын Курбанов Бүкілресейлік әзербайжан конгресін ұйымдастырушылардың бірі болған.
XS
SM
MD
LG